«Құқық пен тәртіп» шарасының басты мақсаты — көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті деңгейде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елді мекендердегі қылмыстық ахуалды сауықтыру, сайлауға дайындық және оны өткізу барысында тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.
Операцияны өткізу барысында бұған дейінгі жылдары жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстарды әшкерелеу жұмыстары пәрмендендіріледі. Қарақшылық шабуыл, ұрлық, тонаушылық және автокөліктерді ұрлау, қару-жарақ, жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғыларды тасымалдау және оның контрабандасы тәрізді қылмыстардың алдын алу, әшкерелеу және тосқауыл қою үшін мобильді топтар құрылады.
Денсаулық сақтау жүйесінің наркологиялық қызметімен бірлесе отырып жастар мен жасөспірімдер көп жиналатын орындарда, соның ішінде оқу орындары, түнгі клубтар мен дискотекаларда есірткі, психотропты заттар мен прекурсорлардың таралу арнасын әшкерелу және оның алдын алуға бағытталған рейд шараларын ұйымдастыру көзделген. Сондай-ақ, жезөкшелік пен жеңгетайлыққа байланысты қылмыстық әрекеттермен айналысушы адамдарды әшкерелеуге бағытталған мақсатты шаралар өткізіледі.
Шара мерзімінде ҚР ІІМ-нің күштері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріледі. Шараға аймақтық ІІБ-ның өкілдері , ішкі әскерлер мен ІІМ-іне қарасты жоғары оқу орындарының курсанттары қатысады. Операцияны басқару үшін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Иван Оттоның басшылығымен ҚР ІІМ-нің жұмыс штабы құрылды.