Елімізде қоршаған ортаны қорғау басқармасына арнап дерекқор құру көзделіп отыр - MMS өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қоршаған ортаны қорғау басқармасына арнап дерекқор құру көзделіп отыр - MMS өкілі

Елімізде қоршаған ортаны қорғау басқармасына арнап дерекқор құру көзделіп отыр - MMS өкілі

Мұнай өндіруді реттеу саласындағы Каспий әріптестігі бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда "қоршаған ортаны қорғау басқармасына арнап дерекқор құру, мұнай өндіру операциялары мен теңіздегі мұнай құбырларына инспекция жүргізу, АҚШ пен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық аясында АҚШ-тың энергетикалық департаментінің бағдарламасына бірігу" көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін, 23-тамызда Астанада басталған "Теңіздегі мұнайгаз операцияларына инспекция жүргізу және теңіздегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі MMS жүйесіне шолу" тақырыбындағы семинарда АҚШ-тың табиғи ресурстарды басқару қызметінің (MMS) халықаралық бағдарламалар жөніндегі маманы Кевин Кункель хабарлады.

  • 23 Тамыз 2004
  • 684
Фото - Caravan.kz

К.Кункельдің айтуынша, Мұнай өндіруді реттеу саласындағы Каспий әріптестігі бағдарламасының басты мақсаты — қазақстандық әріптестерді АҚШ-тың MMS реттеу жүйесімен таныстыру болып табылады. «Менің пікірімше, Мұнай өндіруді реттеу саласындағы Каспий әріптестігін құру Каспий өңіріндегі реттеуші орган өкілдері арасында, сондай-ақ, аймақта жұмыс істейтін бейресми ұйымдар мен MMS арасында етене жақын байланысты дамытуға түрткі болады»,- деді К.Кункель.

Бұған дейін Мұнай өндіруді реттеу саласындағы Каспий әріптестігі бағдарламасы аясында блоктарды жалға беру саласында MMS жүйесі ресурстарын бағалау (мұнайгаз саласындағы тендерлер өткізу және тендер процессінің моделін жасау), теңіздегі мұнай операцияларын жүзеге асыруда қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру және MMS талаптарына сәйкес бұрғылау, құрылыс, мұнай өндіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық стандарттауды реттеу процесстеріне шолу тәрізді тақырыптар бойынша семинарлар өткізілді.
Минералды ресурстарды басқару жөніндегі АҚШ-тың MMS қызметі осы елдің ішкі ресурстар департаментінің құрамындағы ведомство болып табылады. Ол сыртқы, континенталдық шельфтен шығарылатын (жағалаудан 3 миль қашықтықтағы) табиғи көгілдір отын, мұнай және басқа да минералды шикізаттар тәрізді табиғи ресурстарды басқарады. MMS жұмысының басты мақсаты сыртқы континенталдық шельфте минералдық ресурстарды қауіпсіз әрі қолайлы экологиялық басқаруды жүзеге асыру және АҚШ-тың федералдық және үндістер мекенденетін өлкелерінде жер қойнауы байлықтарын пайдаланудан түсетін кірісті дер кезінде жинау, тарату және оны тексеру болып табылады.

Перейти к новостям спорта