Оңтүстік Қазақстан облысында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 15 жылдығына орай ескерткіш медальдар табыс етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 15 жылдығына орай ескерткіш медальдар табыс етіледі

Оңтүстік Қазақстан облысында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 15 жылдығына орай ескерткіш медальдар табыс етіледі

Бүгін, 24-тамызда Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 15 жылдығына орай ескерткіш медальдар табыс ету рәсімі өтеді. Түлкібас ауданынан соғысқа қатысқан 62 адамға осындай медальдар табыс етіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері Одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов хабарлады.

  • 24 Тамыз 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері Одағының белсенділері Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының елді мекендерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлердің аты-жөні жазылған 7 ескерткіш тақта орнатпақ ниетте. Ескерткіштер ұрыс алаңынан қайтпай қалған боздақтар оқыған орта мектептерде орнатылады. Сондай-ақ, қыркүйек айының басында Т.Рысқұлов атындағы мұражай алдында интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш кешен ашылады.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында 17 ескерткіш тақта ашылған. Ш.Өтегеновтың айтуынша, облыста соғыста қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен жергілікті әрбір жауынгерге арнап, жалпы алғанда 68 адамға ескерткіш тақта арналады.

Перейти к новостям спорта