Алматыда бұрынғы вице-президент Ерік Асанбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бұрынғы вице-президент Ерік Асанбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Алматыда бұрынғы вице-президент Ерік Асанбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін, 24-тамызда М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бұрынғы вице-президент Ерік Асанбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Тамыз 2004
  • 734
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұрынғы вице-президент және Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Ерік Асанбаев 22-тамызда 69 жасында мезгілсіз қайтыс болды.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ерік Асанбаевты соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, марқұмның отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Е.Асанбаев 1936-жылы Торғай облысында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің экономика факультеті мен Мәскеу қаржы институтының аспирантурасын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.
1988-жылы Е.Асанбаев Қазақ ССР-і министрлер кеңесін басқарды. 1989-жылдан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің саяси бюросының мүшесі және хатшысы болды. 1991-жылдың сәуір-қазан айлары аралығында Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің төрағасы лауазымын иемденді. 1991-жылдың қазан айында Қазақстанның вице-президенті болып сайланды. Е.Асанбаев осынау лауазымда отырған еліміздегі жалғыз саясаткер. 1995-жылғы жаңа Ата заңға сәйкес вице-президенттік лауазым жойылды. 1996-2000-жылдарда ол Қазақстан Республикаыынң Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.

Перейти к новостям спорта