Қазақстандық шекарашылар еліміздің аумақтық суларында балық аулап жүрген Әзербайжан кемесін ұстау үшін қару қолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар еліміздің аумақтық суларында балық аулап жүрген Әзербайжан кемесін ұстау үшін қару қолданды

Қазақстандық шекарашылар еліміздің аумақтық суларында балық аулап жүрген Әзербайжан кемесін ұстау үшін қару қолданды

Каспий теңізіндегі Қазақстанның аумақтық суларында еліміз шекарашылары қару қолдана отырып Әзербайжанның балық аулаушы транспорттық кемесін ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Тамыз 2004
  • 379
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, балық аулаушы кемені көрген ҚР Шекара қызметінің теңіздегі шекаралық дивизиясының катері онымен байланысқа шығуға бірнеше әрекет жасаған. Алайда, катердің талабына жауап бермеген корабль экипажы тіпті шекарашылардың аспанға қаратып атқан ескертуінен кейін де Қазақстанның аумақтық суларынан кетіп қалмақшы болған. Басшылықтың рұқсатын алған шекарашылар катері корабльдің корпусын атты. Шекар бұзған кеме осыдан кейін ғана тоқтауға мәжбүр болған.

Тексеруші топ кідіртілген кеменің бортынан ештеңе тапқан жоқ. Әзербайжанның 11 азаматы ұсталды. Бұл дерек бойынша қазір тергеу амалдары жүзеге асырылып, көршілес мемлекет азаматтарының Қазақстан аумағында жүру себептері анықталып жатыр.
Жалпы алғанда, тамыздың 15 мен 23-і аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекара бұзған 386 адамды ұстап, 29 контрабандалық әрекеттің алдын алды. Соның ішінде 20 килодан астам шикі апиын, 2,5 млн. қырғыз сомы, 456 мың теңге мен 2 тоннадан астам түсті металл қалдықтары ұсталды.

Перейти к новостям спорта