ҚР Жоғарғы соты оппозициялық блоктың Орталық сайлау комиссиясына қарсы шағымын қараудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы соты оппозициялық блоктың Орталық сайлау комиссиясына қарсы шағымын қараудан бас тартты

ҚР Жоғарғы соты оппозициялық блоктың Орталық сайлау комиссиясына қарсы шағымын қараудан бас тартты

ҚР Жоғарғы соты оппозициялық блоктың Орталық сайлау комиссиясына қарсы шағымын қараудан бас тартты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Жоғарғы сотынан хабарлады.

  • 24 Тамыз 2004
  • 412
Фото - Caravan.kz

Бас тартуға шағымды дұрыс рәсімдемеу себеп болған. ҚР Жоғарғы сотынан хабарлағанындай, арызға оппозициялық блоктың үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Асылбек Қожахметов қол қойған екен. Ал блоктың үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша блоктың бүкіл құжаттарына екі тең төраға бірдей қол қоюы тиіс. Шағымда тағы бір тең төраға — Серікболсын Әбділдиннің қолы қойылмағандықтан, сот блок шағымын қарамау туралы байлам жасады. Сондай-ақ, ҚР Жоғарғы сотынан хабарлағанындай, бұл шағымда жіберілген «қателіктер» жөнделгеннен кейін блок сотқа тағы да жүгіне алады.

Перейти к новостям спорта