30-тамызда атап өтілетін Конституция күні мемлекеттік мерекесі биыл дүйсенбіге тура келеді. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер мен атаулы күндер туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік және ұлттық мерекеге саналатын күндер жұмыс күні болып табылмайды. Демек, еліміз азаматтары 28, 29 және 30 тамызда демалады деген сөз.