Шағын және орта кәсіпкерлікті құқықтық қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері заңдарға қоғамдық сараптама жасау институтын құруды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын және орта кәсіпкерлікті құқықтық қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері заңдарға қоғамдық сараптама жасау институтын құруды талап етуде

Шағын және орта кәсіпкерлікті құқықтық қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері заңдарға қоғамдық сараптама жасау институтын құруды талап етуде

Қаладағы кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшілері, Алматы қалалық әкімшілігінің шағын бизнес департаменті мен Қазақстанның демократиялық партиясының бастамасымен құрылған Шағын және орта кәсіпкерлікті құқықтық қолдау жөніндегі республикалық штаб шағын және орта бизнес саласының іс-қызметін реттейтін бірқатар қолданыстағы заңдарды қайта қарауға қол жеткізбек. Бұл туралы бүгін, 24-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның демократиялық партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев мәлімдеді.

  • 24 Тамыз 2004
  • 989
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, республикалық штаб белсенділері үкімет қабылдайтын барлық құқықтық-нормативтік актілерге міндетті түрде қоғамдық сараптама жасайтын институт құруды ұсынып отыр. Сондай-ақ, барлық заңдар мен заңға тәуелді актілер жобасын дайындау мен әзірлеуді жариялы тендер бойынша байқау негізінде өткізуді ұсынады.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар құқықтық-нормативтік актілер туралы заңның бесінші бабын (құқықтық-нормативтік актілердің тікелей әсері туралы) алып тастауға баса назар аударды. Алматы қалалық әкімшілігінің шағын бизнес департаментінің директоры Серік Тұржановтың айтуынша, бұл бап тар ведомстволық мүддені көздейтін, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін көптеген заңға тәуелді актілердің пайда болуына түрткі болуда.
«Шағын және орта бизнес саласын 57 тексеруші орган басым көпшілігі дерлік орындалмайтын 20 мыңнан астам инструкциялық құжаттардың көмегімен уысында ұстап отыр. Осындай мекемелік эгоизм қадағалаушы-бақылаушы мекемелерде жемқорлықтың күшеюіне әсер етіп, елімізде кәсіпкерліктің дамуына қолбайлау болуда»,- дейді С.Тұржанов.
Баспасөз мәслихатына қатысушылардың пікірінше, құқықтық-нормативтік актілер туралы заңмен бірге Салық және Кеден кодекстері, «Еңбек туралы» заң мен Қазақстанның сот жүйесі түбегейлі өзгертуді талап етеді. Қолданыстағы заңдарды өзгерту қажеттігі туралы өз уәждерін бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстанның демократиялық партиясымен бірлескен мәлімдемеде жария етті.
Баспасөз мәслихатына қатысушылар сондай-ақ, икемге келмейтін әрі төрешіл әкімшілік жүйемен бірге шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі келтіріп отырған ең бір қуатты күш ретінде үкіметті, соның ішінде оның нақты құрамы мен шешім қабылдау процессіне араласу жүйесін атады. «Үкімет Елбасы берген тапсырмаларды орындамай зымияндық танытып отыр. Елде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қатысты Нұрсұлтан Назарбаев берген кем дегенде 10 тапсырманың үкімет тең жартысын ғана жүзеге асырды»,- деді С.Тұржанов. Ал оның пікірінше, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға шара қолданбау Қазақстан экономикасының ары кетсе екі жылда тоқырауға ұшырауына алып келуі мүмкін. «Шағын және орта бизнес жоғары деңгейде дамығанда ғана қалыптасатын орта таптың жоқтығы тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуы мен алдағы жетістіктеріне қатер төндіруде»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта