Жол апаты облыстың Атбасар ауданындағы айналма жолда шыққан. «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі автокөлігін аударып алды. Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында мерт болып, жүргізуші мен тағы үш жолаушы, соның ішінде 9 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.