Алматы облысында адам ұрлаған күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында адам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Алматы облысында адам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қарасай аудандық ІІБ-ның қызметкерлері адам ұрлаған күдіктілер ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғынын ұстады. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 25 Тамыз 2004
  • 387
Фото - Caravan.kz

Кеше, 24-тамызда Алматы-Бішкек тас жолының 19-шақырымында белгісіз бес адам «Лабиринт» ойын автоматтары салонының екі күзетшісін соққыға жыққан. Бұдан кейін олардың бірін шабуылшылар күшпен автокөлікке отырғызып алып кеткен.

Адам тонаушылардың ізіне тәртіп сақшылары бірнеше сағаттан кейін ғана түсті. Қарасай аудандық ІІБ-ның қызметкерлері соққыға жығылған күзетшіні қала іргесіндегі Каменка ауылындағы бір пәтерден тапты. Екі шабуылшы осы жерде қолға түсті. Тағы бір кісі тонаушыны тәртіп сақшылары бүгін түнде құрықтады. Қалған екеуіне іздеу жарияланды. Бес қарақшы да Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.
Қазір олар Қарасай аудандық ІІБ-да қамауда отыр. Адамды ұрлау себептері мен бұдан кейінгі қарақшылар қадамы қазір анықталу үстінде. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім үш күнде қабылданады.

Перейти к новостям спорта