Қазақстанның мемлекеттік хатшысы мәжіліс сайлауында электронды дауыс беру жүйесін енгізу мәселесін саяси қолшоқпарға айналдырмауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мемлекеттік хатшысы мәжіліс сайлауында электронды дауыс беру жүйесін енгізу мәселесін саяси қолшоқпарға айналдырмауға шақырды

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы мәжіліс сайлауында электронды дауыс беру жүйесін енгізу мәселесін саяси қолшоқпарға айналдырмауға шақырды

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Оралбай Әбдікәрімов парламент мәжілісінің сайлауында электронды дауыс беру жүйесін енгізу мәселесін саяси қолшоқпарға айналдырмауға шақырды. Бұл туралы ол бүгін, 25-тамызда Алматыда өткен "Сайлау жүйесін жетілдіру" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік хатшының пайымдауынша, алдағы сайлауда электронды дауыс беру жүйесін кең көлемде емес, «сынақ ретінде кей жерлерде ғана енгізу дұрыс». Осы сынақ қорытындысының негізінде «болашақ бағдарды айқындауға болады»,- деді О.Әбдікәрімов.

Ол Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан бері Қазақстанның сайлау заңнамасы «саяси көзқарастардың әр алуандығына байланысты тұрақты жетілдіріле түсуде» деп атап көрсетті. Оның пайымдауынша, «биылғы жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, оны қоғамның жылы қабылдауы сайлау процессін демократияландырудағы тағы бір ілгерілеушілік болды». Осы орайда О.Әбдікәрімов «бұл заңның кейбір тәртіптеріне деген көзқарас бір жерден шықпай отырғанын» жоққа шығармады. Бұл санатқа электронды дауыс беру жүйесін қолданысқа енгізу мәселесі де қосылады.

Перейти к новостям спорта