Ресейдегі екі ұшақ апатынан түрлі мәліметтерге сәйкес 86-92 адам қаза тапқан болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдегі екі ұшақ апатынан түрлі мәліметтерге сәйкес 86-92 адам қаза тапқан болуы мүмкін

Ресейдегі екі ұшақ апатынан түрлі мәліметтерге сәйкес 86-92 адам қаза тапқан болуы мүмкін

Ресейдің оңтүстігінде Ту-134 және Ту-154 ұшақтарының апатынан түрлі мәліметтерге сәйкес 86-92 адам қаза тапқан болуы мүмкін.

  • 25 Тамыз 2004
  • 473
Фото - Caravan.kz

Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Мәскеуден оңтүстік бағытқа қарай ұшып шыққан ресейлік әуекомпанияларының екі ұшағымен арадағы байланыс 24-тамызда кешкі 23 сағат шамасында арға үш минут салып бір уақытта дерлік үзілген.

Мәскеу-Волгоград бағытында жолға шыққан Ту-134 ұшағы Тула облысының Бучалки елді мекені маңында радар экранынан ғайып болған. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мәліметі бойынша, ұшақта 34 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болған.
Ал Мәскеу-Сочи бағытында ұшқан екінші Ту-154 ұшағы Дондағы Ростов қаласынан 130 шақырымдай жерде құлаған. Алдын-ала мәлімет бойынша, бұл ұшақта 44 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған.
Ресей президенті Владимир Путин оқыс оқиғадан кейін дереу РФ Федералдық қауіпсіздік қызметіне ұшақтардың апатқа ұшырау себебін жан-жақты тексеруге жарлық берді.

Перейти к новостям спорта