ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі 2005-жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша болжамын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау  министрлігі 2005-жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша болжамын жариялады

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі 2005-жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша болжамын жариялады

Бүгін, 25-тамызда ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов Астанада өткен үкімет отырысында 2005-жылғы республикалық бюджетті есептеуге арқау болған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қатысты болжамды жариялады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2004
  • 625
Фото - Caravan.kz

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сүйенсек, 2005-жылғы республикалық бюджетті есептеуде инфляцияның жылдық орташа деңгейі 4,9-6,5% аралығында болады деп танылды. Теңгенің долларға шаққандағы жылдық орташа бағамы 131,7 теңге болмақ. 2005-жыл қорытындысы бойынша Жалпы Ішкі Өнім мөлшері 5 трлн. 850 млрд. теңге болып, биылғы жалпы ішкі өнімнің нақты мөлшерінен 7,9% артады. 2005-жылғы республикалық бюджетті есептеуде «брент» маркалы мұнайдың бір тоннасының әлемдік бағасы бір баррель үшін 32,9 доллар болады деп алынды. 2005-жылғы республикалық бюджет жобасында қазақстан мұнайының экспорттық бағасы бір баррельге 24,7 доллар мөлшерінде болады есептелді.

Перейти к новостям спорта