2005 жылы республикалық бюджеттің түсімі 1 трлн. 135 млрд. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 19,4%-і ( 2004 жылы түсімдердің жиынтық көлемі Жалпы Ішкі Өнімнің 18,5%-іне тең) мөлшерінде болмақ. 2005 жылғы бюджет шығындары 1 трлн. 223 млрд. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 20,9%-ін құрайды ( 2004 жылы- Жалпы Ішкі Өнімнің 20,2%-іне тең ).
2005-жылы республианың индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға, соның ішінде мемлекеттік даму институттарының жарғылық капиталын ұлғайтуға 36,5 млрд. теңге қарастырылды. 10,9 млрд. теңге су шаруашылығының тауқыметтерін шешуге, 3,3 млрд. теңге Қазақстан ормандары бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалады. Жалпы алғанда қоршаған ортаны қорғау сапасын тұрақтандыру және соған қолайлы жағдайлар жасауға 4,9 млрд. теңге арналады, деді Қ.Келімбетов. Ал агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға 56 млрд. теңге, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасына 19,7 млрд. теңге жұмсалмақшы.