Қазақстанда білім беру саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әлемдік тәжірибенің негізінде түбегейлі жаңалануы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда білім беру саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әлемдік тәжірибенің негізінде түбегейлі жаңалануы тиіс

Қазақстанда білім беру саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әлемдік тәжірибенің негізінде түбегейлі жаңалануы тиіс

Білім беру саласы басымдық берілген стратегиялық салаға саналатын Қазақстанда бүгінде саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әлемдік тәжірибенің негізінде түбегейлі жаңалануы тиіс. Бүгін, 25-тамызда "Сапалы білім беру - бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі" тақырыбы бойынша өткізілген білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз жиынының жалпы отырысында сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2004
  • 902
Фото - Caravan.kz

Жиын білім беру жүйесінің мектепке дейінгі, бастауыш, жалпы орта және кәсіби білім беретін білім мекемелерінде балаларды оқыту және тәрбиелеудің өзекті проблемаларын талқылауға арналды.

Алматы қаласының әкімі өз сөзінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауына, негізгі үкіметтік бағдарламаларға қатысты білім беру жүйесі қызметкерлерінің алдына мақсат-міндеттер қойып, білім беру жүйесі мекемелерінің материалдық-технологиялық базасын нығайту мәселесіне тоқталды.
Ал ҚР білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Геннадий Гамарник өз сөзінде былай деді: «білім беру саласында алдағы 2-3 жылда шешімін табуға тиіс міндеттер қойылып отыр. Атап айтқанда, 12-жылдық білім беру жүйесіне 2008-жылдан бастап сатылы түрде көшу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісу талабы тұр». «Бұған қоса оқыту бағдарламаларын жаңалап жасап жүзеге асыру тәрізді кезек күттірмейтін міндеттерді айқындау қажет»,- деді Г.Гамарник.
Биыл алғаш рет тамыз жиынында «Педагогикалық идеялардың шеруі» өткізіліп, онда ұстаздар қаладағы білім беру жүйесінің жұмысын жақсартуға бағытталған бірқатар қызғылықты ұсыныстарын ортаға салды.
Жалпы отырыс барысында қаладағы білім ордаларының білім беру сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелері, жетістіктері мен жұмыс перспективаларының көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қаладағы 6 ауданның білім беру мекемелерінің Елбасы жолдауындағы басымдық берілген бағыттарды шешуге бағытталған жұмыс тәжірибесінің тұсаукесері өткізілді.
Сондай-ақ, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, ардагер ұстаздарға сый-сияпат көрсету, жоғары оқу орындары мен коллеждерді жаңа ғана тәмамдаған жас мамандарға жоралғы жасау, дәстүрлі байқауда жеңімпаз атанған қаладағы 7 таңдаулы педагогикалық ұжымдарға әкімнің сыйлығын табыс ету шаралары өткізілді. Жыл қорытындысы бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың, байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындауда жоғары табысқа қол жеткізген 60 мұғалім мен жетекші марапатталды.

Перейти к новостям спорта