ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігі "Эйр Астана" ЖАҚ-ның тариф саясатын өзгертуіне қол жеткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігі "Эйр Астана" ЖАҚ-ның  тариф саясатын өзгертуіне қол жеткізбек

ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігі "Эйр Астана" ЖАҚ-ның тариф саясатын өзгертуіне қол жеткізбек

"Қазақстанда тариф саясаты мүлдем теріс жүргізілуде, әсіресе халықтың әлеуметтік қорғалған бөлігіне жеңілдіктер жасау саясаты жүргізілмейді". Бүгін, 27-тамызда Алматыда өткен "Туризмді дамыту - ұлтты жаңғырту" тақырыбындағы бас қосуда ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі төрағасының орынбасары Евгений Никитинский осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Тамыз 2004
  • 526
Фото - Caravan.kz

Е.Никитинскийдің айтуынша, «қазір Қазақстанда «Эйр Астана» әуе тасымалы саласындағы монополист болып саналады». «Әрине, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Әуе компаниясы ұшақтар қорын анағұрлым жаңалағаны да шындық. Дегенмен, әуе компаниясының тариф саясатының құрылымы мен туристерге жеңілдіктер көрсету жүйесін өзгерту мәселесі шешімін күтуде».

«Әлемнің көптеген елдерінде жеңілдіктер жүйесі жұмыс стейді. Ұлттық әуе тасымалымен айналысатын компанияны Ұлыбритания азаматы Ллойд Пакстон басқарады, ал оның өз елінде осындай жеңілдіктер қарастырылған. Осындай жеңілдіктер Қазақстанда неге жоқ? Біз осындай жағдайға қол жеткізбекшіміз».
«Эйр Астана» ЖАҚ-ның тариф саясатын өзгерту мәселесі, Е.Никитинскийдің айтуынша, «8-қыркүйекте үкімет отырысында көтеріледі».

Перейти к новостям спорта