Қостанай облысында орман өртенуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында орман өртенуде

Қостанай облысында орман өртенуде

Қостанай облысындағы Қазанбас орман шаруашылығының аумағында өрт шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Тамыз 2004
  • 458
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, өрт 29-тамыз күні 15 сағатта тіркеліп, 144,5 гектар аумақты шарпыды.

30-тамыз күні таңертең өрт сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтау шарасына 105 адам, соның ішінде өртке қарсы күрес қызметінің 45 жауынгері мен 31 техникасы жұмылдырылды.
Жалпы тамыз айының басынан бері Қостанай облысында сегіз үлкен өрт шықты. Жыл басынан бері облыста 7 мың гектар аумақтағы орман алқабы от құшағына оранды. Қазір өртке қарсы күрес қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Перейти к новостям спорта