Байқоңырда бұрынғы әйелімен жаңжалдасып қалған бір еркек өзін-өзі өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда бұрынғы әйелімен жаңжалдасып қалған бір еркек өзін-өзі өртеп жіберді

Байқоңырда бұрынғы әйелімен жаңжалдасып қалған бір еркек өзін-өзі өртеп жіберді

Байқоңырда бұрынғы әйелімен жаңжалдасып қалған бір еркек пәтер ішінде өзін-өзі өртеп жіберді. Әлгі еркек оқиға орнында көз жұмып, пәтер от құшағына оранды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасынан хабарлады.

  • 31 Тамыз 2004
  • 610
Фото - Caravan.kz

29-тамыз күні кешкісін Мұрат Әбжалиев үш жыл бұрын ажырасып кеткен әйелінің үйіне келген. Бұрынғы ерлі-зайыптылар жаңжалдасып қалады. Осыдан кейін балконға шығып, ішінде жанармайы бар бірнеше бөтелкені ұстап алған ол пәтер ішіне жанармай шашып, үйді өртеймін деп қорқытады. Әйел балконға жүгіріп шығып, айналадан көмек сұрайды. Ал М.Әбжалиев болса осы кезде өз үсті-басына да жанармай шашып жіберіп, өзін де, пәтерді де өртеп жіберген.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер әйелді төртінші қабаттың балконы арқылы шығарып құтқарып қалды. Жалын өшірілді. Екі бөлмелі пәтер отқа түгелдей жанып, өртеніп өлген еркектің мәйіті пәтерге кіре беріс есік алдынан табылды.

Перейти к новостям спорта