290 мың жасанды теңге сатқан Алматы тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
290 мың жасанды теңге сатқан Алматы тұрғыны ұсталды

290 мың жасанды теңге сатқан Алматы тұрғыны ұсталды

Алматы облыстық ІІББ ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Алакөл аудандық ІІБ-ның тәртіп сақшыларымен бірлесе отырып ірі көлемде жасанды ақша сатып жүрген Алматы тұрғынын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 31 Тамыз 2004
  • 384
Фото - Caravan.kz

Күдікті 30-тамыз, дүйсенбіде Үшаралдың орталық базарында қолға түсті. Оның қолынан 5 мың теңгелік бірнеше жасанды ақша шықты. Тергеу барысында белгілі болғанындай, екі күнде 29 жастағы Алматы тұрғыны 290 мыңдай теңгені сатып үлгерген. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан 6 кәсіпкер зардап шеккен.

Қазір қылмысқа айғақ заттар алынып, күдікті уақытша тергеу қапасына қамалды. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жасанды ақша қай жерде жасалғанын, заңсыз айналымда қаншасы жүргенін анықтау үстінде.

Перейти к новостям спорта