Қазақстандағы орыс общинасының жетекшісі Юрий Бунаковтың айтуынша, грант мөлшері айына 15 мың теңгені құрайды. «Бұл қаржы біздің жарғылық іс-қызметімізді жүзеге асыруға арналады»,- дейді ол.
Қазақстан халықтарының ассамблеясы төрағасының орынбасары Жұматай Әлиевтің баспасөз мәслихатында журналистерге хабарлауынша, республикадағы ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерімен болған әңгіме барысында мемлекет басшысы «қазақстан ұлтын қалыптастыру» идеясын ортаға салды. «Бұл ауқымды ғылыми еңбек, біз бұл идеяны кеңінен талқыға салып, ой елегінен өткізуге тиіспіз»,- деді Ж.Әлиев.