ҚР есеп комитеті қызметкерлерінің саны кем дегенде бес есе арттырылуы тиіс - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР есеп комитеті  қызметкерлерінің саны кем  дегенде бес есе арттырылуы тиіс - ҚР президенті

ҚР есеп комитеті қызметкерлерінің саны кем дегенде бес есе арттырылуы тиіс - ҚР президенті

ҚР есеп комитеті қызметкерлерінің саны кем дегенде бес есе арттырылуы тиіс. Бүгін, 1-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РФ есеп палатасының төрағасы Сергей Степашинмен кездесу барысында осындай пікір білдірді. Бұл туралы Елбасымен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында РФ есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 724
Фото - Caravan.kz

Елбасының айтуынша, ҚР есеп комитеті РФ есеп палатасының тәжірибесіне сүйенеді. «Бұл тек комитет қызметкерлерінің санына ғана емес, оның атқаратын функциялары мен құзырет аясына да қатысты»,- деді С.Степашин. Оның айтуынша, «РФ есеп комитеті тек бюджеттің орындалуын ғана емес, сонымен бірге банктердің іс-қызметі мен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын да қадағалайды».

С.Степашиннің айтуынша, Елбасы кездесу барысында таяу уақыттарда ҚР есеп комитеті қызметкерлерінің санын кем дегенде бес есе арттыру керектігін атап өткен.
ҚР есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевтың айтуынша, қазір комитетте 40 қызметкер жұмыс істейді. «ТМД елдеріндегі осы тектес құрылымдарда кем дегенде 200 адам жұмыс істейтінін, ал РФ есеп палатасының штат саны 1000 адамнан асатынын айта кету ләзім»,- деді О.Өксікбаев.

Перейти к новостям спорта