Үкімет басшысы министрліктерге кореяның "Самсунг" корпорациясымен өзара ынтымақтастық проблемаларын талқылаудлы тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы министрліктерге кореяның "Самсунг" корпорациясымен өзара ынтымақтастық проблемаларын талқылаудлы тапсырды

Үкімет басшысы министрліктерге кореяның "Самсунг" корпорациясымен өзара ынтымақтастық проблемаларын талқылаудлы тапсырды

Бүгін, 1-қыркүйекте Даниал Ахметов "Самсунг" корпорациясының аға вице-президенті Ли Чол Ву басқарып келген делегацияны қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 506
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында «Самсунг» корпорациясының өкілдері үкімет басшысына электронды технология саласындағы және кәсіптік-техникалық білім, химиялық және мұнайхимиясы саласындағы өз мүмкіндіктері мен тәжірибелері туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, әңгіме Қазақстандағы Электронды Үкімет құруға және кәсіптік-техникалық білім жүйесінің одан әрі дамуына қатысты кейбір инвестициялық жобаларға әзірлік туралы болды.
Даниал Ахметов корейлік тараптың Қазақстанда Электронды Үкімет құру процесіне қатысу жайлы ұсынысын оң бағалай отырып, мамандар назарын бұл жүйені сатылы түрде енгізуге аударды.
«Корей тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанда бірінші кезекте «электронды кеден», «электронды азамат», «электронды мүлік» тәрізді жүйе құруға көшу қажет. Одан кейін жалпы Электронды Үкімет жүйесін құруда арқау негіз болып табылатын Ұлттық Идентификациялық жүйені құруға болады, — деді үкімет басшысы.
Кездесу қорытындысы бойынша үкімет басшысы ҚР білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне корейлік корпорациямен ынтымақтаса отырып, мәселені жан-жақты талқылауды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Перейти к новостям спорта