Сапар мақсаты — Қазақстан мен Испания арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды дамыту болып табылады. Құрметті мейманды әуежайда мемлекет басшысы күтіп алды, делінген хабарламада. «Екі мемлекет басшысы осы әуежайда тікелей қысқаша әңгіме-дүкен құрып, оның барысында халықаралық өзекті проблемалар бойынша және екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты». Бүгін сондай-ақ, Испания королі Н.Назарбаевпен бірге Елордасының жаңадан салынып жатқан әкімшілік орталығын аралады.