30 қызметкер бөлме кілттеріне ие болды, тағы 30 тәртіп сақшысы алдағы күндерде баспаналы болады. Жатақхана ғимараты 60 адамға есептелген.
З.Тұрысбеков осы орайда тәртіп сақшыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі күрделі күйінде қалып отырғанын атап өтті. Мәселен, Астана қалалық ІІББ қызметкерлерінің 30 проценті, ал ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің 40 проценті, үкіметтік мекемелерді күзетуші дербес полиция батальонының қызметкерлерінің 60 процентінде баспанасы жоқ.
ІІМ тарапынан қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге шаралар қолданылып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, З.Тұрысбековтың пікірінше, тәртіп сақшыларының баспана тауқыметін шешуге мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы да септігін тигізбек. Оның пайымдауынша, ипотека шарттарын полицияның көптеген қызметкерлері орындай алады.