Алдын-ала болжам бойынша, жанкешті әйелдер Ресейге «Түркия-Грузия-Ресей немесе Түркия-Қазақстан-Ресей» деген екі бағыт бойынша жеткізілуі мүмкін. Журналистердің пайымдауынша, «мүмкін осындай себеппен Ресей-Грузия шекарасындағы өткізу бекеттері жабылып, шекарадан заңсыз өтіп кету мүмкіндігі бар бағыттар бойынша бақылау күшейтілуі мүмкін». «Ақпарат көзінің пікірінше, Қазақстан бағытында жағдай ауыр, бұл шекара мүлдем дерлік бақыланбайды, әрі оны жауып тастау мүмкін емес».
Ал сол «Известия» басылымының өзі Мәскеудегі метроның жанындағы жарылыс алдында ғана жолаушы тасымалдаушы ұшақтардағы 24-тамыздағы жарылыстарды жүзеге асырған күдіктілер санатындағы Аманта Нагаева мен Сацита Джебирханова ел астанасына өздерімен бірге тағы екі шешен әйелін ерте келгенін хабарлаған. «Арнаулы қызметтер «Рижская» метросының жанындағы жарылыстың алдын ала алмады, ол жерде сейсенбі күні таңертеңгісін Роза Нагаева өзін-өзі жарып жіберді»,- деп жазады басылым. «Соның салдарынан 10 адам мерт болды. Ал Марьям Табурованың қайда жүргені әлі белгісіз. Ол Ресей астанасында тағы бір жарылысты жүзеге асыруға дайындалып жатқан болар»,- деп болжайды журналистер.