Тергеушілердің айтуынша, өрттің шығуына отпен абайсыз қарым-қатынас себепкер болған. Агенттіктен хабарлағанындай, 2-қыркүйек күнгі 18 сағаттағы жағдаймен өрт аумағы 2138 гектарды құрады, оның 273 гектары — орман, 1865 гектары дала өрті болса, 688 гектары — орман және хайуанаттар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің аумағы болмақ.
Өрт сөндіру шарасына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің, Мерке және жергілікті орман шаруашылықтарының 162 адамы қатысты. Сондай-ақ, тілсіз жауды ауыздықтауға жергілікті тұрғындар да қолғабыс жасауда.