"ЦентрКредит Банкі" АҚ астық экспорттау жөніндегі келісім-шарттарын қаржыландыру үшін Австриялық банктен несие алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ЦентрКредит Банкі" АҚ астық экспорттау жөніндегі келісім-шарттарын қаржыландыру үшін Австриялық банктен несие алды

"ЦентрКредит Банкі" АҚ астық экспорттау жөніндегі келісім-шарттарын қаржыландыру үшін Австриялық банктен несие алды

"ЦентрКредит Банкі" АҚ 12 айға 12 млн. доллар қаржыны несиеге алу туралы Австрияның Raiffeisen Zentralbank Osterreich AG банкімен шартқа қол қойды. Бұл туралы "ЦентрКредит Банкі" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2004
  • 596
Фото - Caravan.kz

Банктен хабарлағанындай, бұл несие астық экспорттау жөніндегі келісім-шарттарын қаржыландыру үшін «ЦентрКредит Банкі» АҚ-ның бір клиенті үшін алынды.

2004-жылдың 8 айында «ЦентрКредит Банкі» АҚ өз клиенттерінің импорттық-экспорттық келісім-шарттарын қаржыландыру үшін жеке жобалар бойынша жалпы сомасы 57 млн. долларды құрайтын бірнеше ірі көлемдегі несие алды.
Еліміздегі ірі банктердің бестігіне енетін «ЦентрКредит Банкі» АҚ Moodys Investors Service рейтинг агенттігінің шетел валютасындағы банк депозиттері бойынша «Ва1» ұзақ мерзімді рейтингіне, ал Fitch Ratings агенттігінің «В+» рейтингіне ие.

Перейти к новостям спорта