Қытай азаматы еліміз аумағынан 10 кило марал мүйізін алып шығуға әрекет жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай азаматы еліміз аумағынан 10 кило марал мүйізін алып шығуға әрекет жасады

Қытай азаматы еліміз аумағынан 10 кило марал мүйізін алып шығуға әрекет жасады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Қорғас" тексеру-өткізу бекетінде шекарашылар кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып Қытайға бет алған жолаушылар автобусын тексеру кезінде Қазақстаннан 10 кило марал мүйізін алып шығу әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қыркүйек 2004
  • 467
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, контрабандалық жүк осы автобуста келе жатқан Қытай азаматының қол жүгінен шықты. Контрабандашымен бірге автобус жүргізушісі — Қытай азаматы да ұсталды. Бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ал Батыс Қазақстан облысындағы «Қасталовка» заставасының аумағында жүк таситын «ЗИЛ-130» автокөлігі ұсталды. Қазақстан азаматы айдаған бұл көлік Ресейге бет алған. Ол тиісті құжаттары жоқ 8 тонна қара металл қалдықтарын Ресейге алып өтпек болған. Осы оқиғаға байланысты іс пен жүк тергеу мақсаттары үшін кеденшілерге өткерілді.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысындағы Ресей-Қазақстан шекарасында Қазақстан аумағына 0,5 млн. теңгенің тауарларын алып өтуге жасалған әрекет әшкереленді. Шекаралық тексеру барысында автокөліктен құжаттары жоқ 32 қорап жүк табылды. Оларға Ресейде өндірілген дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдері салыныпты. Бұл іс брйынша да тексеру амалдары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта