Қазақстандықтар Солтүстік Осетиядағы лаңкестік құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Солтүстік Осетиядағы лаңкестік құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды

Қазақстандықтар Солтүстік Осетиядағы лаңкестік құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды

Бүгін, 7-қыркүйекте қазақстандықтар Солтүстік Осетиядағы лаңкестік құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Астана уақытымен тал түсте республикамыздағы ұйымдар мен мекемелер бір минутқа жұмысын тоқтатып, теле- және радиоарналар хабар таратуды доғарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2004
  • 528
Фото - Caravan.kz

Бүгін киев уақыты бойынша бүкіл Украина аумағында да жалпыұлттық бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Ресейліктер бүгін екінші күн Беслан оқиғасының құрбандарын аза тұтуда. Дондағы Ростов қаласында бүгін студенттер қаланың орталық көшесінде бір-бірімен қол ұстаса тірі тізбек құрып, лаңкестік оқиға құрбандарының рухына бас имекші. Елдің көптеген қалаларында қаралы жиындар өтеді. Кешкісін Мәскеу қаласында «Ресей лаңкестікке қарсы» атты митинг өткізіп, телеарналар Солтүстік Осетиядағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендерге қолұшын беруге қаржы жинау үшін қайырымдылық марафондарын ұйымдастырады.
Қазақстанда бүгін Ресейдің дипломатиялық өкілдіктеріне жүздеген адам гүл шоқтарын әкелуді одан әрі жалғастыруда. Алматыда бүгін кешке Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы лаңкестік құрбандарын еске алуға арналған митинг өтеді. Оған студенттер мен мектеп оқушылары, қалалық әкімшілік пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Перейти к новостям спорта