Қазақстан президенті республиканың мемлекеттік шекарасындағы бақылауды күшейту қажет деп пайымдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті республиканың мемлекеттік шекарасындағы бақылауды күшейту қажет деп пайымдайды

Қазақстан президенті республиканың мемлекеттік шекарасындағы бақылауды күшейту қажет деп пайымдайды

Қазақстан президенті республиканың мемлекеттік шекарасындағы бақылауды күшейту қажет деп пайымдайды. Бұл туралы ол бүгін, 7-қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің ІҮ форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2004
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Біз лаңкестік пен экстремизмнің сан алуан көріністерінің таралу жолына тосқауыл қоюымыз керек. Бірінші кезекте қорғаныс пен қауіпсіздікті нығайту мәселесіне баса назар аудару қажет»,- дейді Н.Назарбав.

Бесланда болған қайғылы оқиғаға тағы бір тоқталған Елбасы ресейліктерге, «бауыр еті- баласынан айрылған барлық аналарға» қайғысына ортақтаса тағы бір көңіл айтты. Н.Назарбаев форумға қатысушыларға қаратып былай деді: «құдайға шүкір, еліміздің құрметті әйелдері тәуелсіздік жылдарында осындай шиеленісті оқиғаларда жақындарынан айрылған жоқ. Біздің елімізде ұлттық немесе діни негізде қанды қақтығыстар болған емес».
Дейтұрғанмен, «Ресейде болған оқиғалар қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, отбасымыз, балаларымыз, ет жақындарымыз бен туыстарымызды қорғаудың маңызын тағы бір ескертіп өткендей»,- деді мемлекет басшысы. «Осы жылдар ішінде мемлекетіміз ел ішінде бейбітшілік пен келісім орнығуы үшін барынша күш салды. Біз бұл құбылыстың бұдан былай да нығая түсуі үшін бар күшімізді салатын боламыз»,- деп сендірді Н.Назарбаев.
Елбасының пікірінше, «еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаржыны көбірек жұмсау қажет». «Мен еліміздің мемлекеттік шекарасындағы бақылауды күшейту қажет деп санаймын»,- деді ол. «Елімізде шекарадан заңсыз өтуге, контрабандалық жолмен тауарлар мен есірткі алып өтуге қойылатын бақылау әлі де осал»,- деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстанға көршілес республикалардан келетін заңсыз мигранттар саны да азаймай, олардың айналасында «бүкіл бүтін делдалдар жүйесі құрылды», ал заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдайтындар «сансыз заң бұзушылық әрекеттеріне көзжұмбайлық жасайды». «Ал дәл осы мигранттар арасында экстремистік ұйымдардың белсенді жақтастары көп»,- деді мемлекет басшысы.
Н.Назарбаевтың хабарлауынша, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ол заңсыз көші-қон және мемлекеттік шекара арқылы контрабанда жасауға тосқауыл қоюға, ел ішінде төлқұжат және виза бақылауын күшейтуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын жасауға тапсырма берген.
«Біз азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді жүйесін қалыптастыруымыз керек. Және ол қазіргі пайда болған заманауи қауіп-қатерлерге жауап қатуға лайық болуы тиіс»,- деді президент. Ол парламентке «Экстремизм туралы» заңды тез арада қабылдап, лаңкестік және экстремистік әрекеттер үшін жүктелетін жазаны күшейту жөнінде өтініш жасады.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев мектептер мен жоғары оқу орындарында қауіпсіздік негіздері бойынша арнаулы оқыту дәрісін енгізуді ұсынды. Елбасы осы орайда Бұқаралық ақпарат құралдарынан «лаңкестік пен экстремизмнің қандай да көріністерінің қаупі туралы кең көлемде ақпараттық науқан ұйымдастыруды» сұрады.

Перейти к новостям спорта