Оралдағы "Алгоритм" техносаябағының бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе үкіметте шешіледі - ҚР вице-премьері С.Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдағы "Алгоритм" техносаябағының бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе үкіметте шешіледі - ҚР вице-премьері С.Мыңбаев

Оралдағы "Алгоритм" техносаябағының бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе үкіметте шешіледі - ҚР вице-премьері С.Мыңбаев

Оралдағы "Алгоритм" техносаябағының бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе үкіметте шешіледі. Бұл туралы Оралға жасаған жұмыс сапары барысында ҚР вице-премьері Сауат Мыңбаев мәлімдеді.

  • 8 Қыркүйек 2004
  • 785
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шілде айының басында Оралда «Гидроприбор» ҒЗИ-ның негізінде «Алгоритм» атты аймақтық техносаябақ құрылған болатын. Оның құрылтайшылары «Градиент» аймақтық зерттеу орталығы» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ мен Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университет болмақ. Алайда, техносаябақтың жарғылық қоры бар-жоғы 350 млн. теңгені құрайды. Мұндай кәсіпорын үшін бұл жеткіліксіз қаржы. Осыған байланысты вице-премьердің пайымдауынша, оның болашағы туралы мәселе үкіметтік деңгейде талқылануы тиіс.

С.Мыңбаев аймақтық индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру базасына айналған өнеркәсіп орындарының іс-қызметіне тұтастай алғанда оң баға берді. Бұл бағдарлама бойынша облыста 12 жоба жасалған. Солардың бірі — «Уральскагрореммаш» зауыты мен «Ростсельмаш» АҚ-ның бірлесуі негізінде «Нива-Эффект» комбайндарын құрастыру жобасы. Зауыт директоры Гимран Бейсеновтың айтуына қарағанда, қазіргі жағдаймен 40 комбайн құрастырылып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы да 100 комбайнды құрастырып біту көзделген. Ал 2005-2007-жылдарда 500-дей машина құрастырылады.
Сондай-ақ, С.Мыңбаевтың пікірінше, үкімет Каспий қайраңын игеріп жатқан мұнайгаз компаниялары үшін Оралдағы «Зенит» АҚ кеме жасау зауытында азаматтық кемелер жасап шығару жобасына оң баға беретіні анық.

Перейти к новостям спорта