Қостанай облысына заңсыз келген Бангладештіктер өз елдеріне қайтарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысына заңсыз келген Бангладештіктер өз елдеріне қайтарылады

Қостанай облысына заңсыз келген Бангладештіктер өз елдеріне қайтарылады

10-қыркүйекте Қостанай облысына заңсыз келуге байланысты ұсталған Бангладештік бес азаматтың екеуі өз елдеріне кері қайтарылатын болды. Ал қалған үшеуі Бангладеш консулдық қызметінен олардың аты-жөнін растайтын ақпарт келгенше қабылдағышта қамауда отырмақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2004
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 3-қыркүйекте Ұзынкөл және Кировский ауылдары арасындағы Қостанай шекаралық отряды учаскесінде шекарашылар Тараздан Ресей арқылы Батыс Еуропа елдеріне жол тартқан бес Бангладеш азаматын ұстаған болатын. Жеңіл автокөлікпен келе жатқан заңсыз мигранттардың екеуінде елге кіруге рұқсат беретін визасыз төлқұжаттары болса, үшеуінде мүлдем құжат болмай шыққан.

7-қыркүйекте өткен сот отырысы екі Бангладеш азаматын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің «шетелдіктер тарапынан ҚР аумағы арқылы транзитті өту тәртіптерін бұзу» жөніндегі 394-бабы бойынша Қазақстан аумағынан аластау туралы үкімге кесті. Қалғандары аты-жөндерін нақты анықтау үшін қабылдағыш-таратқыш мекемеге жіберілді. Осыдан кейін олардың үстінен де әкімшілік іс материалдары қозғалып, сотқа жіберіледі.

Перейти к новостям спорта