Қазақстанда астық өнімінің 86%-нан астамы жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда астық өнімінің 86%-нан астамы жиналды

Қазақстанда астық өнімінің 86%-нан астамы жиналды

Қазақстандық диқандар астық өнімінің 86%-нан астамын жинады, деп хабарлайды ауыл шаруашылық министрлігі. 

  • 15 Қазан 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі күні Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2%-н құрайды. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды.

"Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті", — дейді ведомство.

Мемлекет басшысының биыл ауа-райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді:

Форвардтық сатып алу шеңберінде "Азық-түлік корпорациясының" сатып алу бағасы 3-сыныпты бидай үшін 120 мың теңге және 4-сыныпты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгіленсін;

форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша фермерге айыппұл төлемей немесе 1,05 немесе 5% коэффициенті бойынша 3-сыныпты бидайды 4-сыныпқа ауыстыру жолымен ақшалай қаражатпен міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беру;

міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% мөлшерінде банктік сыйақыларды өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуды мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды:

4 – сыныпты бидай үшін 105 мың теңге, 5 – сыныпты бидай үшін 90 мың теңге, сыныпты емес бидай үшін 70 мың теңге.

Министрліктің айтуынша, сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.