Кездесуде негізінен жергілікті билік органдарының әрекетсіздігі мен аймақтағы тауқыметтер туралы талқыланды. «Асар» партиясының төрайымы жергілікті тұрғындарға түрлі мекеме әкімдері мен кәсіпорын әкімшілігі тарапынан қатты қысым көрсетіліп отырғанын атап өтті. «Мұндай жағдайға жол беруге болмайды»,- деді ол.
Аймақтағы ең ірі тау-кен кәсіпорындарының бірі — Аннен кенішінде 3 мыңдай адам жұмыс істейді. Алайда, хабарламада атап көрсетілгеніндей, «Асар» партиясының төрайымымен кездесуге ең жүректілері ғана келген. Өйткені, кеншілердің айтуынша, «өздерінің құқықтан жұрдай, жалбарынышты жағдайы туралы ашық айту аса қауіпті».
Шахтерлар үшін басты қиындық — жұмыс берушімен арадағы ықпалдастық болмақ. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, азаматтардың басым бөлігі әкімшілік пен шенеуніктер тарапынан көрсетілетін қысымнан қорқу салдарынан жоғары заң шығарушы органға өздері өкілеттілікке сайлағасы келген адам үшін дауыс бере алмайды.
«Жергілікті әкімшіліктер мен барлық деңгейдегі әкімдердің дәл осындай жұмыс тәсілін таңдап алуы өкінішті. 90 проценті бүгіннің өзінде өз даусын президент үшін, нақтырақ айтсақ, мемлекет басшысы формальды болса да басшысы болып табылатын «Отан» партиясы үшін дауыс беруге құлық танытып отырған халыққа қысым көрсетіліп, сайлау алдындағы науқан барысында қисынға келмейтін жұмыс тәсілдерінің қолданылуы өкініш тудырады. Мемлекет басшысының саясаты мен партияның беделін түсірудің бұдан сорақы тәсілін көзге елестету де мүмкін емес»,- деді Д.Назарбаева.
«Асар» лидері сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясының мыс қорыту зауытында жұмыс істейтін еңбекшілер ұжымымен де кездесті. Кездесуде осынау ірі кәсіпорынның жұмысшылары әлеуметтік кепілдіктер туралы сөз қозғады. Атап айтсақ, олар ауыр өндірісте жұмыс істейтін әйелдердің зейнет демалысына шығу жасын төмендетуді сұрады. Д.Назарбаева бұл ұсыныс-тілектердің барлығы да жаңа еңбек туралы заңда ескерілетінін, қарапайым жұмысшылардың құқығы сенімді қорғалуы тиіс екенін атап көрсетті.
«Бүгін адамдар қазірдің өзінде өздерінен сайлау күні баршамызға белгілі, баршамыз сыйлайтын партия үшін дауыс беретіні туралы қолхаттар жинай бастағанын жеткізді. Штрих-код көмегімен кімге дауыс бергенін біліп аламыз деп оларды қорқытатын көрінеді. Менің ойымша, мұндай жағдайға жол беруге болмайды»,- деді «Асар» партиясының төрайымы.
Д.Назарбаеваның пікірінше, халық арасында құқықтық үгіт-насихат пен құқықтық жаппай ағарту шараларын ұйымдастырған жөн, және бұл істе көп нәрсе журналистерге байланысты болмақ. Өйткені, дәл осы журналистер халыққа мән-жайды түсіндіріп , халық арасында сенім отын жағуы тиіс. Ол дауыс беру құпиясы Ата заңмен қорғалатынын, кімнің қалай дауыс бергенін біліп алудың техникалық немесе әкімшілік ешқандай тәсілі жоқ екенін ерекше атады. «Дауыс беру құпиясы- ешкім қол сұғуға болмайтын құпия. Оны бұзу- қылмыстық жаза жүктеуге түрткі болуы тиіс екені айрықша маңызды болмақ»,- деді Д.Назарбаева.
«Асар» партиясының төрайымы сондай-ақ, О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесті. Кездесу барысындағы әңгімеге жоғары оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыру жайы арқау болды.
ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығынан үміткер Сәкен Төлеуовтың айтуынша, университет бітірген жас отбасыларға қолдау көрсету қажет. «Жастар қайткенде жұмысқа орналасуы тиіс, ал ол үшін тым құрыса үш жылға квота енгізген жөн»,- дейді ол.