Сондай-ақ, Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері де өсті.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен алғанда өткен аймен салыстырғанда 0,3%-ке ( немесе 18,8 млн. долларға).
Ұлттық банктің ішкі валюта рыногында валюта сатуы және ҚР қаржы министрлігінің сыртқы қарызын қайтару мен Ұлттық қор активтерін толықтару шаралары үкімет пен банк түріне жатпайтын қаржылық ұйымдардың есепшоттарына түскен түсімдер есебінен бейтараптандырылып, соған байланысты таза валюта қорлары 17,9 млн. долларға кеміді.
Ал алтын түрінде сақталып отырған активтер Ұлттық банк жүргізген операциялар мен әлемдік нарықтағы алтын бағасының 4,75%-ке қымбаттауына байланысты 36,7 млн. долларға өсті.
Тұрақты бағамен алғанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 0,2 процентке, еркін айырбасталатын валютадағы таза активтер 0,3 процентке, алтын түріндегі активтер 0,5 процентке артты.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2004 жылғы тамызда ақша базасының 1,5%-ке, немесе, 5,7 млрд. теңгеге өсуіне себеп болды.