Чехия президенті екі елдің мүддесі бір арнада тоғысатынын атап көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехия президенті екі елдің мүддесі бір арнада тоғысатынын атап көрсетті

Чехия президенті екі елдің мүддесі бір арнада тоғысатынын атап көрсетті

Қазақстан мен Чехияның "көптеген мүдделері бір жерде тоғысады", сондай-ақ, екі елдің бірсыпыра мәселеге қатысты көзқарасы "бір жерден шығады". Бүгін, 8-қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында Чехия президенті Вацлав Клаус осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2004
  • 484
Фото - Caravan.kz

В.Клаус Қазақстанның халықаралық саладағы саясаты мен республикадағы тұрақтылықты ерекше атап өтті. «Қазақстан осы өңірдегі басқа елдер шеше алмаған көптеген тауқыметті шеше алды»,- деді Чехия мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Чехия Қазақстанмен арада «оң сипаттағы қарым-қатынастар» орнатудан мүдделі. Екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту — өзара ықпалдастықтың басты мәселесі ретінде қала бермек, деді Чехия президенті.
Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде «Чехия үшін Қазақстан аймақтағы басты мемлекетке айналады» дегенге сенім білдірді.
Елбасы бұған қоса халықаралық саясатта Қазақстан мен Чехия «лаңкестікке қарсы күресте одақтастар» екенін ерекше атады. «Мемлекеттер дүниежүзілік бейбітшілік мәселесіне қатысты біртұтас көзқарас ұстанады»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта