Отандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды

Отандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды

Теннисші Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингіде 53 сатыға жоғары көтерілді.

  • 16 Қазан 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 36-ға сырғыды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinformға сілтеме жасап.

Тимофей Скатов 134-тен 190-ға құлдырады. Есесіне басқа теннисшілер көрсеткіштерін едәуір жақсартты. Михаил Кукушкин 245-тен 211-ге, Денис Евсеев 260-тан 240-қа көтерілді.

Бейбіт Жұқаев бірден 53 сатыға жоғарылап, 302-ден 249-ға жайғасты.

Жұптық сында Александр Недовесов 45-тен 43-ке, Андрей Голубев 65-тен 62-ге шықты.

Қазақстанның әйелдер арасында бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 5-орында қалса, Юлия Путинцева 68-ден 66-ға көтерілді.

Жұптық сында Анна Данилина 32-сатыда тұрса, Е.Рыбакина 116-дан 115-ке ауысты. Жібек Құламбаева 154-тен 157-ге төмендеді.