Қарағанды полициясы аса ірі көлемде есірткі партиясын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды полициясы аса ірі көлемде есірткі партиясын ұстады

Қарағанды полициясы аса ірі көлемде есірткі партиясын ұстады

Қарағанды полициясы аса ірі көлемде есірткі партиясын ұстады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2004
  • 338
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІББ баспасөз орталығының мәліметі бойынша, 8-қыркүйек, сәрсенбіде Қарағанды ІІБ-ның есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының номері бар сүйретпелі КамАЗ автокөлігін тоқтатты. Автокөлікке толтыра пияз тиелген екен. Жүкті тексеру барысында оперативті қызметкерлер пияз қабаттары арасынан марихуана салынған 17 қытай сөмкесін тапты. Тәркіленген пияздың жалпы салмағы 498 кило шықты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тараз тұрғыны болып табылатын жүргізуші мен онымен бірге жүрген тағы бір азамат ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта