Қостанайдағы бірқатар мектептерде математикалық пәндер тәжірибе жүзінде бірден үш тілде үйретілмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы бірқатар мектептерде математикалық пәндер тәжірибе жүзінде бірден үш тілде үйретілмекші

Қостанайдағы бірқатар мектептерде математикалық пәндер тәжірибе жүзінде бірден үш тілде үйретілмекші

Қостанайдағы үш мектепте жетінші сынып оқушыларына пәндерді қазақ, орыс және ағылшын тәрізді үш тілде бірдей оқытуға бағытталған тәжірибе басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық білім беру басқармасынан хабарлады.

  • 9 Қыркүйек 2004
  • 798
Фото - Caravan.kz

Биыл бұл тәжірибе №9 орта мектепте, Мәуленов атындағы гимназия мен Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта жүзеге асырылады. Бұл мектептердің әрқайсысынан тәжірибе үшін бір-бір сыныптан іріктеп алынды. Бұл сыныптарда тек математикалық пәндер топтамасы ғана үш тілде үйретілмекші.

Қалалық білім беру басқармасы төрағасының орынбасары Галия Қайдаулованың айтуынша, мектептерде тәжірибені жүзеге асыратын кураторлар таңдалды. Олар тәжірибе барысын қадағалап, ұстаздар мен оқушылар жөнінде дерекқор құрады.
Балалар тәжірибеге біртіндеп дайындалады. Бастапқы сатыда олар бірден есеп шығармай, 120 математикалық ұғымнан тұратын терминдер минимумын жаттайды. Ағылшын тілін үйренуге арналған сағат саны аптасына 2 сағаттан алғашқы жарты жылда 11, ал екінші жарты жылда 9 сағатқа дейін арттырылды.
Шет тіліндегі пәнді қазақ-түрік лицейінің оқытушылары үйретпекші. Алгебра және геометрия пәні бойынша алғылшын тіліндегі алғашқы сабақтар 9-қыркүйекте өткізіледі. Қазір тәжірибеге таңдап алынған мектептер жаңа оқыту жүйесі үшін арнайы шығарылған оқулықтарды күтуде.
Тәжірибе табысты жүзеге асырылған жағдайда болашақта бұл сыныптардағы барлық сабақтар шет тілінде үйретіледі.

Перейти к новостям спорта