«Мен сені қайда болсаң да жақсы көремін мама»: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызының тағдыры елді жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
0 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мен сені қайда болсаң да жақсы көремін мама»: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызының тағдыры елді жылатты

«Мен сені қайда болсаң да жақсы көремін мама»: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызының тағдыры елді жылатты

6 жасында шетел азаматтары асырап алып, балалық шағын өзге елде өткізген Динара есімді қазақ қызы туған анасына сәлем жолдап, көпшілікті жылатты.

  • 18 Қазан 2023
  • 8246
Фото - Caravan.kz

Ол анасына қайда жүрсе де, тек амандық тілейтінін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Динара «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының қатысушысы.

«Сәлем мама, мен сені қайда болсаң да жақсы көремін. Бәлкім осы өмірде, бәлкім жұмақта боларсың… Өміріңде қандай жағдай болмасын, сен менің жүрегімдесің. Менің бір бөлігімсің, білесің бе менің мына ішімдесің мама… Мені балалар үйіне өткізіп кеткенің үшін, ұяттан өртеніп жүрген шығарсың… Ештеңеден ұялма, менің жақсы өмір сүргенімді тіледің ғой, мені баға алмай, қиналған шығарсың. Мен сенің қайда жүрсең де амандығыңді тілеймін, қайда жүрсең де аман бол мама», — деп сөзін аяқтайды бойжеткен.

Өкініштісі Динараны асырап алған отбасы да ажырасып кеткен. Қазір ол жалғыз қалған.

Көпшілік қазақ қызына қолдау көрсетіп, адамдығын сақтап қалғанына дән риза болған.

«Мамалап отырған жүрегіңнен айналдым, көкек ананы кешіру де білгенге бақыт, ғұмырың ұзақ болсын», «Бақытты бол, қазақтың қара домалақ қызы, сен бар бақытқа лайықсың», «Жылап отырып көрдім, тағдырға не шара» деп жазды олар.