Президент жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.08
  • 558.28
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Президент жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденов судья қызметінің шекті жасы - 65-ке келді. Осыған байланысты оны судья қызметінен босату ұсынылды.

  • 9 Қаңтар 2024
  • 1378
Фото - Caravan.kz

Сенат депутаттары президенттің ұсынысымен жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шип президенттің ұсынысын жариялады. Оған сәйкес, жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденов судья қызметінің шекті жасы — 65-ке келді. Осыған байланысты оны судья қызметінен босату ұсынылды.

Таймерденов сот саласында 19 жылдан астам уақыт қызмет етті. Соның ішінде 4 жыл жоғарғы сот судьясы болды.

Сенаторлар президенттің ұсынысын қолдап, Таймерденовті судья қызметінен босату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.