Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ақжол Мейірбеков ағамыз РАББЫСЫНА қайтыпты. 🥲 Мейірімі шексіз, құдіреті күшті АЛЛА тағалаға ФИРДАУС ЖАННАТты нәсіп етсін. Өте жақсы адам еді. ҚАЗАҚ халқына, атамыздың әулетіне қайғырып көңіл айтамыз", — деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, әнші біраз уақыт "Досмұқасан" ансамблінде өнер көрсетті. Көптеген жобаларда қазылар алқасының мүшесі болатын.
Әнші небәрі 73 жаста болатын.