Алматыда бірқатар қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірқатар қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды

Алматыда бірқатар қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды

Полицияның мәліметінше, М.есімді азамат негізінен Абай даңғылы мен Масанчи көшесінің қиылысына жақын жерде "жұмыс істеді".

  • 14 Желтоқсан 2023
  • 3
Фото - Caravan.kz

"Күдікті өтіп бара жатқан адамдарды мұқият бақылаған. Кеш және жалғыз қайтып келе жатқан қыздарға аса назар аударды. Жандарынан жүгіріп өтіп қолдарынан телефонды тартып алды. Сөйтіп, кешкі сегіз жарым шамасында ол 20 жастағы қыздың қолынан IPhone телефонын тартып алған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі таңда біздің аудан бойынша 7, Бостандық ауданында 7 зардап шеккен азаматтан арыз келіп түсті. Қаскөй жасаған қылмысын мойындады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша тергелуде. Сот қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.