Алматыда фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған - прокуратура

Алматыда фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған - прокуратура

 

  • 19 Желтоқсан 2023
  • 2443
Фото - Caravan.kz

Алматы прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, — деп хабарлайды  Сaravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

"Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр", — делінген хабарламада.