Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды

Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды

 

  • 21 Желтоқсан 2023
  • 7721
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда көші-қон ресурстары порталы – migration.enbek.kz іске қосылды, деп хабарлайды Кazinform.

Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингілеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа.

«Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар. Мысалы: «Қандас» мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, «Ата жолы» картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және тағы басқасы», — делінген мәліметте.