«Қазынашылық» деп аталған ашық инвестициялық қор корпоративтік құрылымдар мен жеке тұлғалардан инвестиция тартуды көздейді.
Елімізде бүгінге дейін тіркелген жабық инвестициялық қорлармен салыстырғанда, «Қазынашылық» қоры бірінші саудаға шығарылған номиналдық пай құны салыстырмалы түрде арзанға бағаланған әрі инвесторларды кең көлемді жұмылдыруға бағытталған тұңғыш классиалық инвестициялық қор болып табылады. Басқарушы компания пайға 100 мың теңге көлемінде баға белгілеп отыр.
Е.Әбдіразақовтың пікірінше, Қазақстандағы депозит иелерінің саны мұнда баламалы қаржы жұмсау мүмкіндігі ретінде инвестициялық пай қорын дамыту перспективасы зор деген болжам жасауға жол ашады. Қазір еліміздегі депозитарлық сыйымдылық 11 млрд. долларды, соның ішінде жеке тұлғалардың депозиттердегі қаржысы 3 млрд. долларды құрайды. Дейтұрғанмен, компанияның бас директоры халықтың экономикалық сауаттылық деңгейінің төмендігі басты кедергі екенін мойындайды.
Сол себепті Сентрас Секьюритиз компаниясы 2005-жылы акционерлерді тартумен бірге потенциалдық инвесторларлы оқыту жұмыстарымен де шұғылданбақшы. Осыған сәйкес 2005-жылдың аяғына дейін болжанан инвестиция көлемі де салыстырмалы түрде төмен, нақты айтсақ, 15-20 млн. теңгені құрайды. Алайда, Е.Әбдіразақовтың пікірінше, бұдан кейінгі жылдарда инвестиция көлемі геометриялық прогрессия заңдылығына сәйкес өсе түседі.
«Қазынашылық» қоры инвестицияны 3-6 айға салған күннің өзінде жылдық 8-10 проценттік өсім мөлшерінде кіріс тауып береді деп күтілуде. Компания басқарушысының пікірінше, акционерлердің инвестициясын Қазақстан рыногы мен халықаралық рыноктағы алымсақ-берімсек құралдарына жұмсау арқылы инвестициялардың сақталу тәуекелділігі мейлінше төмендейді. Сонымен бірге қордың акционерлері өз акцияларын пайды қайтару туралы талап туындаған сәттегі баға бойынша басқарушы компанияға кері сату мүмкіндігіне ие болады.
Сентрас Секьюритиз инвестициялық қорларының кастодиан-банкі — АТФ Банкі,
пай иелерінің реестр жүйесін жүргізуші тәуелсіз тіркеуші — «Құнды қағаздар рыногының орталық депозитарийі» ЖАҚ,
ал тәуелсіз аудитор — Қазақстандық Центр-Аудит компаниясы болмақ.