Ақтөбе облысында қылмыстық топтардың арасындағы атыс кезінде бір қылмыскер оққа ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында қылмыстық топтардың арасындағы атыс кезінде бір қылмыскер оққа ұшты

Ақтөбе облысында қылмыстық топтардың арасындағы атыс кезінде бір қылмыскер оққа ұшты

Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топтардың арасындағы атыс кезінде бір топтың мүшесі оққа ұшты. Бұл туралы бүгін, 19-қаңтарда KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІБ баспасөз қызметінің бастығы Жанболат Жұмағазин хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2005
  • 619
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 5-қаңтарда Қандыағаш қаласында екі қылмыстық топтың арасында атыс шыққан. Қылмыстық топтың бір мүшесі — 23 жастағы Мұғалжар ауданының тұрғыны оқ тиіп оқиға орнында мерт болды.

17-қаңтарда осы дерек бойынша түрлі қылмыстық топтарға жататын екі күдікті ұсталды. Олардың бірі — жұмыссыз, екіншісі — жеке меншік фирмада күзетші болып істейді.
Атысқа қатысқан басқа қылмыскерлерге іздеу жарияланды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары екі қылмыстық топтың өзара қырқысуына қандай себеп түрткі болғанын анықтап жатыр.

Перейти к новостям спорта