Елімізде өрт салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде өрт салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті

Елімізде өрт салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті

Соңғы бір тәулікте еліміз аумағында болған өрттер салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен бүгін, 26-қаңтарда хабарлады.

  • 26 Қаңтар 2005
  • 350
Фото - Caravan.kz

Астанада жеке меншік жай үйде болған өрт салдарынан бір отбасының үш адамы, соның ішінде 1 және 9 жастағы екі бала уланып ауруханаға түсті. Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жау бес сағатта сөндірілді.

Алматыда жеке меншік үйде болған өрттен бір қария қаза тапты.
Қарағанды облысы Молодежный кентінде шыққан өрттен бір адам мерт болып, тағы біреуі көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.
Павлодарда көп қабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан 65 жастағы әйел қаза тауып, бір жастар шамасындағы бала улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды.

Перейти к новостям спорта