Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысы басталды

Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысы басталды

Бүгін, 26-қаңтарда Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қаңтар 2005
  • 401
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бас қосуда лаңкестікпен күреске қатысты өзекті мәселелер сарапқа салынады. Атап айтсақ, лаңкестікті тұншықтыруға бағытталған халықаралық антитеррорлық құралдарды жетілдіру, соның ішінде заңсыз қаржыландыруға жол бермеу, аймақтық антитеррорлық орталықтардың жұмысын қамтамасыз ету, қару-жарақ және есірткінің заңсыз айналымымен күрес, ұлттық және халықаралық антитеррорлық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, әуе және теңіз айлақтарының қауіпсіздігі т.б. тақырыптар талқыланады.

Отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді.
Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің төрағасы Андрей Денисов, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің атқарушы директоры Хуан Руперес, ТМД атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайло мырзалар сөз сөйлейді деп күтілуде.
Отырысқа 50 халықаралық ұйым мен 50-дей елдің өкілдері қатысады.
Контртеррорлық комитет 2001-жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк және Вашингтон қалаларында болған лаңкестік әрекеттерден кейін Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына сәйкес құрылған. Комитеттің басты мақсаты — «лаңкестік интернационал» атауына ие болған құбылыспен күресте дүниежүзі елдерінің өзара сабақтас саясатын жүргізу, саяси, экономикалық және әскери сипаттағы кең көлемді шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Перейти к новостям спорта