Қазақстан президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің отырысына қатысушылармен екі жақты кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің отырысына қатысушылармен екі жақты кездесулер өткізді

Қазақстан президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің отырысына қатысушылармен екі жақты кездесулер өткізді

Бүгін, 26-қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнайы отырысына қатысушылармен екі жақты кездесулер өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қаңтар 2005
  • 424
Фото - Caravan.kz

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің төрағасы Андрей Денисовпен кездесу барысында Н.Назарбаев контртеррорлық комитет пен Қазақстанның тиісті құрылымдары арасындағы ықпалдастықты тереңдету қажеттігін атап көрсетті.

ТМД атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайломен жүздесу барысында Достастықты реформалау және оның жұмысын одан әрі жетілдіру жөніндегі бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Н.Назарбаевтың бұл бағыттағы ұсыныстары 2003-жылғы күзде Астанада өткен ТМД саммитінде ортаға салынған болатын.
Сондай-ақ, Қазақстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті. Бұл кездесуде лаңкестікке қарсы күрес шараларын күшейту және ұйым іс-қызметінің алдағы уақытқа арналған басым бағыттары талқыланды.

Перейти к новостям спорта